Жарияланды: 670

Сотталған құқық қорғаушы Евгений Жовтис колониядан еңбек демалысына шықты

Сотталған құқық қорғаушы Евгений Жовтис колониядан еңбек демалысына шықты

Жол-көлік апаты үшін сотталған Евгений Жовтис колониядан еңбек демалысына шықты, деп хабарлайды Қазақстандық адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюросы.

«Бүгін, 27 мамыр күні сотталған құқық қорғаушы Евгений Жовтис өскемендік ОВ-156/13 мекен-колониясында өткізген 1,5 жылдың ішінде заңды еңбек демалысын алып, 10 күнге колония қақпасынан шығарылды», – делінген бюроның ақпаратында. Қазақстандық адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюросының атап көрсетуінше, режимдік нұсқаулыққа сәйкес, Е.Жовтис демалыс кезінде Өскемен қаласының сызығынан шықпауға тиіс. «Заң бойынша жазасын мекен-колонияда өтейтін сотталғандар колониядан тыс жерде жұмыс істеп, өмір сүруге құқылы, ОВ-156/13 мекемесінде де солай, бірақ бұл ереже Жовтиске қатысты қолданылмайтын. Енді жалпыға ортақ ереже оған қатысты да қолданылды», – делінген бюроның ақпаратында. ҚР әділет министрлігінің АЖК Е.Жовтиске 27 мамырдан 5 маусымға дейін демалыс берілгенін қуаттап, «демалысты колония әкімшілігінің келісімімен жұмыс беруші – «Еңбек-Өскемен» кәсіпорны оның (Е. Жовтистің - ҚазТАГ) өтініші бойынша беріп отыр» … Демалыс кезінде Е.ЖовтисӨскеменге келген әйелімен бірге тұрады». Еске сала кетейік, 2009 жылдың 3 тамызында Балқаш аудандық сотының үкімімен Қазақстандық адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюросының басшысы Е.Жовтис өлімге алып келген жол-көлік апатын жасағаны үшін айыпты деп танылып, жазасын мекен-колонияда өтеумен 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Құқық қорғаушы басқарған Toyota Ranner көлігінің қатысуымен жол-көлік апаты 26 маусымда сағат 22:30-да Қараой-Алматы жолының 131-ші шақырымында, Алматы облысының Ақдала елді мекеніне жақын жерде болған. Оқиға салдарынан 35 жастағы жаяу жүргінші, Алматы облысының тұрғыны қаза болды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін