Жарияланды: 370

Спорт жаңалықтары

Олимпиадалық ойындардың күміс жүлдегері,  “Астанавелоклубының капитаны Александр Винокуров көпкүндік  веложарысКритериум Дофине Либереніңбеташар додасында екінші нәтиже көрсетті.   Көпкүндік дәстүрлі жарыс  велошабандоздарүшін    3 шілдеде    басталатын жылдың басты додасы - ТурдеФрансалдындағы соңғы дайындық кезеңі болып табылады.

“Дофине Либере” велододасы әдеттегідей жеке сыннан өткен жарыстан басталды.  5,4  шақырымды құраған жарыс жолында үздік нәтиже көрсеткен “Рабобанктың” өкілі  Ларс Боом бірінші орынды иеленсе, жеңімпазға 2минуттай ұтылған жерлесіміз Александр Винокуров екінші сатыға көтерілді. “Астананың” намысын жыртып жүрген швед Фредерик Кесьякофф 14-орынға табан тіресе,  “Лямпре” велоклубының сапында   өнер көрсететін отандасымыз Андрей Кашечкин  30 – орында.

“Ролан Гарростың”ақтық сынында  өзімен үнемі үзеңгі қағыстырып жүретін швейцариялық шебер Роджер Федерерден мерейін асырған  испан теннисшісі Рафаэль Надаль мәртебелі жарыстың алты дүркін чемпионы атанды. 

 Ашық чемпионаттың жартылай финалында жыл басынан бері ешкімнен жеңіліп көрмеген серб Новак Джоковичтің жеңісті жолына тосқауыл қойған  Роджер Федерер ақтық бәсекеде  әлемнің бірінші ракеткасына төтеп бере алмады. Ойын алаңында билік құрған  Надаль төрт сетке жалғасқан матчты 3:1 есебімен өз пайдасына шешті. Есеп - 7:5, 7:6, 5:7 және 6:1. Париждегі  жеңістен кейін Рафаэль Надалькезінде “Ролан Гарроста” алты мәрте  топ жарған әйгілі швед Бьорн Боргтің рекордын қайталады.   Ал әйелдер  додасында турнирдің бас жүлдесін  қытайлық На Ли иемденді.    Бүкіл Азия  үшін бұл жеңістің орны ерекше десек артық айтқандық  емес.  Қытай қызы шешуші ойында   жарыстың былтырғы жеңімпазы италиялық   Франческо Скьявонеден алда болды.  

 

Мадридте триатлоннан әлемдік чемпиондар сериясының 2-кезеңі аяқталды. Әйелдер арасында канадалық Паула Финдлэй жеңімпаз атанып, жалпы есепте де көш бастады.

Бұл - канадалық спортшының соңғы бес сериядағы төртінші жеңісі. Суда жүзудегі жарыста америкалық Лаура Беннет, Финдлэй және Жаңазеландиялық Андреа Хьюит үздік шықты. Кейін велосипедпен жарыста Финдлэй, Хьюит және британдық Хелен Дженкинс көш бастап келді. Нәтижесінде Финдлэй мәре сызығын алғаш боп кессе, Дженкинс - екінші. Франция үшсайысшысы Эмми Чайарон алғашқы  үштікті түйіндеді. Ерлер арасындағы сында бас жүлдені иеленген  әлемнің экс- чемпионы Элистер Броунли өз ағасы Джонатананан үш секундқа алда болды. Алқазіргі әлем чемпионы  испандық Хавьер Гомес үшінші боп келді.

“Ванкувер” мен “ Бостон” Стэнли кубогы  жолындағы  финалдық серияның екі ойынын  артқа тастады.   Өз алаңында өткен алғашқы матчта 1:0 есебімен жеңіске жеткен ванкуверлік хоккейшілер Бостондағы екінші бәсекеде де алаң иелерін сан-соқтырып кетті.  

Ванкуверден  жолы болмай қайтқан “Бостоннан” жергілікті жанкүйерлер тек жеңіс күтті десек,  қонақтардың көздегені  сериядағы есеп айырмашылығын ұлғайта түсу болды. Аса шиеленісті өткен бәсекенің негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталып, қызықты  ойын одан әрі овертаймға ойысты.  Қосымша уақыттың  басталғаны да сол еді, қақпашымен жекпе-жек шыққан  Александр Барроуз  мүлт кетпеді. Осымен  бостондық хоккейшілерді екінші рет  жер қаратып кеткен “Ванкувер” сериядағы жалпы есепте әзірге  2:0 есебімен алда келеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін