Спорт жаңалықтары - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+36 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спорт жаңалықтары

Спорт жаңалықтары

Алматыда Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековты еске алуға арналған 14- інші халықаралық  бокс турнирі жалауын түсірді. Биылғы  жарыс   Қазақ спорт  және туризм академиясының 70 жылдық мерейтойы аясында өткізілді.  Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанның шартарабынан жиналған үміткерлер  төрт  күн бойы шаршы алаңның шаңын қақты.

  • 10 Маусым 2014
  • 320
Фото - Caravan.kz

Жарыстың да түр-түрі бар. Қайрат Рысқұлбеков турнирі көрермендердің көңіл қошын қандырған жарыс болып шықты.  Әдейі іріктелген боксшылар додасын тамашалағандай әсер алдық десек артық кетпеспіз.

Мұстафа ҚАСЫМБЕКОВ, кафедра меңгерушісі:

—   Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев бастап келген Қазақстанның экспериментальдық құрамасы біздің жарысымызға ерекше нәр берді. Өздеріңіз көрдіңіздер финалға бергісіз кездесулер аз болған жоқ. Бұл біздің  турнирдің деңгейін көрсетеді.

Таразы басы  теңселген бәсекелерге баға беру , әділ –қазылар алқасы үшін  оңай тимейтіні рас. Өтірік айтып не керек, мұндайда төрешілердің жергілікті боксшыларға  бұра тартатын кездері  болып тұрады.  Бір қызығы біріне-бірі сай,  тайдың тасындай іріктелген  студенттер сайысында ондай жәйттер тіркелген жоқ.  Ақтық сында алматылық боксшымен жолы түйіскен актөбелік шебер Нұрбол Қалжанов  әділ-қазыларға дән риза.

Нұрбол ҚАЛЖАНОВ, турнир жеңімпазы:

-Төрешілер алқасына айтар сын жоқ.  Наразы болып жүрген ешкімді көрген жоқпын. Менің ойымша нағыз күштілер жеңді деп ойлаймын. Аламын.

Енді  көптің көңілінен шыққан  доданың жеңімпаздарымен таныс болыңыздар:  48 келіде жамбылдық Ермек Мәдиев ерек шықса, 52 келіде академия студенті Әнуар Мұзаффаров топ жарды. 56 келіде Нұрбол Қалжанов (Ақтөбе облысы), 60-та Абылайхан Құсайынов, 64-те Абылай Әлихан( Қазақ спорт және туризм академиясы)  69 келіде Абай

Төлеш (Оңтүстік Қазақстан облысы), 75-те Нұрзат Сабыров , 81-де Тұрсынбай Құлахмет,91-де Әділет Орынбасаров (бәрі Қазақстан құрамасы), ал аса ауыр салмақ дәрежесінде тараздық студент Нұрсұлтан Аманжолов үздік шықты. Мамандар тарапынан жоғары баға алған Нұрзат Сабыров финалда тәжірибелі боксшы Шыңғыс Бердібековке дес бермеді.


Нұрзат САБЫРОВ, турнир жеңімпазы
:

-Менің салмағымда Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы көш бастап тұр. Құдай қаласа алдағы ел чемпионатында онымен кездесіп қалатын шығармын. Қалай болмасын өзімді жақсы қырынан көрсетуге тырысып бағамын.

Бүгінгі турнирде еркше көзге түскен  саңлақтарды алда үлкен сындар күтеді.  Соның бірі  студенттер арасындағы әлем чемпионаты.

 

Алматыда ұлттық жекпе-жектен көрнекті мемлекет қайраткері Ғани Мұратбаевты еске алуға арналған ресубликалық турнир мәресіне жетті. 2 минуттық қос раундтта өзара мықтыны анықтаған жас өспірімдер 8 салмақта күш сынасты.

 42 келіде Алматылық Айбек Қошанов, 45-те қызылордалық Ғани Әділсерік, 48- де Алматы облысының өкілі Айбол Ахметов үздік атанды. Сондай-ақ Ерғали Тұрсынбек, Темірлан Оңғаров, Жарас Исабай сынды жас спортшылар өз салмақтарында топ жарды. Жалпы командалық есепте Алматы облысы бірінші, екінші орынға Жамбыл облысы табан тірісе, Алматылық шеберлер үштікті түйіндеді. Турнир қортындысы бойынша ұлттық құрама жасақталды. Енді ұйымдастырушылар жекпе-жектен қараша айында Азия кубогын өткізуді жоспарлап отыр.   

 

Көпкүндік велодода «Критериум дю Дофиненің»алғашқы кезеңі британиялық   Кристофер Фрумның жеңісімен аяқталды.  Фрум10 шақырымды құраған жеке жарыста алдына жан салмаса, оған 0,08  секунд ұтылған Альберто Контадор екінші орынды иеленді.

Тұғырдың үшінші сатысына люксемубургтік шабандоз Боб Юнегльс көтерілді. «Астана» сапында ең жоғары нәтиже көрсеткен команда капитаны  Винченцо Нибали болды. Сегізінші нәтиже көрсеткен астаналық шабандоз жеңімпазға бары-жоғы 0,13секунд ұтылды.