Спорт жаңалықтары - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спорт жаңалықтары

Спорт жаңалықтары

Бірнеше сағаттан кейін футболдан Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шыққан командалар есімі анықталады. Мәртебелі турнирдың екінші айналымында “Ақтөбе” өз алаңында Грузияның “Динамо” командасын қабылдамақ. Тбилисиде өткен алғашқы матчта 1:0 есебімен жеңіске жеткен ақтөбеліктер дәл қазір соңғы дайындықтырын пысықтап жатыр. 

  • 24 Шiлде 2014
  • 257
Фото - Caravan.kz

 

Футболдан Бразилия ұлттық құрамасының бас бапкері болып Дунга тағайындалды. Бразилиялық жаттықтырушы 2006-2010-шы жылдар аралығында бұл құраманы баптаған.

Әлем чемпионатында сәтсіз өткізгеннен кейін бас бапкер Луис Фелипе Сколари өз еркімен орнын босатқан болатын. Енді оның орнына екінші мәрте 50 жастағы жаттықтырушы келді. Футболшы ретінде Дунга 1990, 1994 және 1998-ші жылдары әлем чемпионатына қатысқан. Ол баспкер болған жылдары Бразилия құрамасы 60 кездесу өткізіп 42 рет жеңіске жеткен.

 

Ресейлік “Тинькоф саксо” командасының велошабандозы Майкл Роджерс “Тур де Франс” көпкүндігінің 16-шы кезеңінде жеңімпаз атанды. Шабандоздар бұл күні Каркасон және Баньер-де Люшо қалалары арасындағы 237 шақырымды басып өтті.

Жарыс жолының көп бөлігі тегіс жермен өткенімен, пелотон 12 шақырымға созылған орта деңгейлі бір асуды бағындырды. Көпшілікті жеке дара басып озған австралиялық Майкл Роджерс мәре сызығын бірінші кесті. Оның артын орай француз Томас Фоклер мен беларусь Василий Кириенка жетті. Ал жалпы есепте отандық команда “Астананың” шоқтығы биік тұр. Қазақстандық команданың лидері италиялық Винченцо Нибали сары жейдені ешкімге берер емес. Испаниялық Алехандро Вальверде  көшбасшыдан әзірге 4,5 минут қалып келеді. Үздік үштікті француз Тибо Пино қортындылап тұр.