Жарияланды: 370

Спортшылардың жолақысынан қаржы жымқырғандар сотталды

Маңғыстау облысында спортшылардың жарысқа бару сапарын ұйымдастыратын лауазым иелері мен жаттықтырушылар ақша жымқырғаны үшін сотталды. Бұл туралы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінен мәлім болды.

Агенттік мәліметтеріне қарағанда, Маңғыстау облысындағы «Каспий» футбол клубының директоры Н.Сарғұлов пен бапкерлер М.Жаңбырбаев, Р.Чапаев және М.Мұхамбетқалиев өздерінің қызмет бабын пайдаланып, футболшылардың Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласына, Ресей Федерациясының Сергеевск, Самара және Астрахань қалаларына, сондай-ақ Ақтөбе, Шымкент, Атырау, Алматы және Тараз қалаларына сапарын ұйымдастыруға бөлінген 9,3 млн. теңге ақшалай қаражатты иеленіп кетіп, мемлекетке шығын келтірген. Осыған қарай Ақтау қалалық соты Н.Сарғұловты сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иеленіп кетті және оны ысырап етті деп айыптап, оны дене шынықтыру және спорт ұжымдарында 3 жылға дейін басшылық лауазымда болу құқығынан айырып, шартты түрде 3 жылға бас бостандығынан айырды. Жаттықтырушылар М.Жаңбырбаев, Р.Чапаев және М.Мұхамбетқалиев те кінәлі деп танылып, әрқайсысы шартты түрде 2 жылға бас бостандығынан айырылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін