Бұл тулары СҚО ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.
«24 жастағы МАЗ жүк көлігінің жүргізушісі темір жол торабына шығып кетіп, жүк поезына соғылған. Нәтижесінде 4 жартылай вагон рельстен шығып кеткен. Жүк көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды», — деп жазылған хабарламада.
Дәл сол мезгілде апат орын алған жерге екінші жолмен «Иркустк — Кисловодск» (494 жолаушысы бар 15 вагон) бағыты бойынша бет алған поезд келіп қалады. Машинист шұғыл тежегішті басып үлгерсе де, поезд автокөлікке барып соғылады. Салдарынан 3 вагонына зақым келген. Жолаушылар арасында жапа шеккендер жоқ.
Оқиға орнына СҚО ТЖД жедел тобы мен СҚО ІІД, көлік прокуратурасының қызметкерлері келді.