СҚО-да оқушы тура сабақ үстінде қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО-да оқушы тура сабақ үстінде қайтыс болды

СҚО-да оқушы тура сабақ үстінде қайтыс болды

Солтүстік Қазақстан облысында тура дене шынықтыру сабағы кезінде 13 жасар қыз мерт болды. Өспірімнің дені сап-сау, еш жерде медициналық есепте тұрмаған. 

  • 10 Қазан 2015
  • 510
Фото - Caravan.kz

Қайғылы оқиға Қиялы ауылының орта мектебінде болды. 7-ші сыныпта оқитын Светлана Краснощекова сабақ енді басталғанда кенеттен талып қалған. Мектеп дәрігері мен жедел жәрдемнің 40 минут бойы оның есін жиямыз деген әрекеттерінен түк шықпапты. Кейін белгілі болғанындай, қыз құлаған сәтте-ақ жүрегі тоқтап жан тәсілім еткен. Бүгін марқұмның туыстары Светлананы арулап жерледі.