Солтүстік Қазақстан облысында жаңа су қоймасы салынады, ол өңірді су тасқынынан қорғайтын болады, деп хабарлады Sputnik.
Министр орынбасарының сөзіне сүйенсек, қазір Есіл өзенінде Бузулук су қоймасын салу үшін жоба-сметалық құжаттар дайындалып жатыр.
"Ол Ақмола және Қарағанды облыстарынан ағып келетін бір миллиард метр куб суды жинақтайды. Демек Солтүстік Қазақстанда су тасуы кезінде төтенше жағдайдың болу қаупін төмендетеді", — дейді Ильин.
Сонымен бірге, Юрий Ильин айтуынша, былтырғы жылдармен салыстырғанда қар көлемі биыл біршама аз. Сол себепті министр орынбасары өңірдегі су тасу мерзімі бір қалыпты өтеді деп үміттенеді.