СҚО-да жеке компания дау шығарған тұрғындарға Мәскеуге баруға кеңес берді - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО-да жеке компания дау шығарған тұрғындарға Мәскеуге  баруға кеңес берді

СҚО-да жеке компания дау шығарған тұрғындарға Мәскеуге баруға кеңес берді

Солтүстік Қазақстан облысында бүтін бір ауыл су мен жылудан ажыратылмақ. 30 жыл бойы тұрғын үйлерді жылу және  ауыз сумен қамтамасыз етіп келгендер енді коммуналдық қызмет көрсетуден бас тартып отыр. Аяқ астынан қабылданған бұл шешім тұрғындардың төбесінен жай түсіргендей болды. Өйткені Большой Изюм ауылы құрылғаннан бері тұрғындар от жағып, су тасып көрмепті. Үйлерінде пеш те жоқ. Сондықтан ауыл тұрғындары кәсіпорынның бұл шешімімен келіспей, құзырлы орындардың барлығына шағым түсірген. Ал жеке кәсіп иелері айтқанынан қайтпай отыр.

  • 13 Тамыз 2014
  • 289
Фото - Caravan.kz

Жылу құбырлары әй-шәй жоқ кесіле бастағанда, мұндағы жұрт  айғайға басып тоқтатқан. Ауылдағы жұрттың жалғыз сенгені осы «Ақжар» серіктестігі еді. Кәсібі егіншілік болғанымен, ертеден астық қабылдау қоймасы үшін салынған жылу қазандығы  үздіксіз жылу беріп, жұртты сумен де қамтамасыз етіп келген. Әрине, тегін емес. Жылу үшін әр текше метрге 120 теңгеден. Мұндай баға солтүстік өңірде атымен жоқ. Соған қарамастан, тұрғындар коммуналдық төлемақыны қарызсыз өтеп келіпті. Ал енді су мен жылу келмей қалса, күніміз не болады дейді тұрғындар.

Любовь Маулишко, Большой Изюм ауылының тұрғыны:

— Бәрі де адамдар үшін дейді. Бұл өтірік. Ешқайсысы бізді тыңдамайды. Кездескісі де келмейді. Сұмдық емес пе, көзімізді бақырайтып қойып құбырларды кесіп жатыр.

Осы жағдайды айта-айта жергілікті басшылардан үміт үзген жұрт шағымдарын Астанаға дейін жолдаған. Тұрғындардың осылайша өз құқықтарын даулауы тегін емес. Олар кәсіпорын меншігінен үлесі бар акционерлер. Ал бұл мәселені шешуге менің құзіретім жетпейді деген серіктестік басшысы жұртты жылу орталығына да жолатқысы келмейді.


Ғабдусалам Біржанов, «Ақжар» ЖШС атқарушы директоры:

— Біздің бас акционеріміз Мәскеуде  тұрады. Егер жиналысқа қатысып, өз құқықтарыңызды талап еткілеріңіз келсе, Мәскеуге барып Игорь Пинкеевичке жолығыңыздар. Менен не сұрайсыңдар? Мен орындаушымын.

Директордың «Мәскеуге барыңдар» дегені жұрттың ашуын одан сайын қоздырды. Олар ауыл әкімі мен аудан орталығынан жұртты тыныштандыруға келген коммуналдық қызмет басшысын тіпті тыңдағысы да келмеді.

Кәсіпорын өткен жазда ғана 6 миллион теңге жұмсап құбырларды жаңартқан. Соған қарап, ауыл тұрғындары су мен жылудан проблема бола қоймас деп қуанған. Енді кәсіпорын басшыларының аяқ астынан неге бүйректен сирақ шығарып отырғандығын түсіне алмай жүр.