Жарияланды: 400

Степногорлық студент «World Skills Competition» халықаралық турнирінде топ жарды

Степногорлық студент «World Skills Competition» халықаралық турнирінде топ жарды

Бразилияның Сан Пауло қаласында өткен «World Skills Competition» халықаралық турнирінде степногорлық студент топ жарды, деп хабарлады «Ақмола Медиа Орталығы».

Ұсташы, дәнкерлеуші, аспазшы, шаштараз, ІТ-жүйесін басқарушы және тас қалаушы кәсіби мамандықтары бойынша өткен халықаралық жарысқа Армения, Грузия, Ресей, Беларусь тәрізді әлемнің 72 елінің өкілдері қатысты. Оның ішінде Қазақстан Республикасының құрамасы сапында Степногордегі №2 индустриялды-техникалық колледждің түлегі Әділет Тәкежанов болды. Жерлесіміз «ұста ісі» номинациясы бойынша ең үздік атанды.
Еске сала кетсек, ағымдағы жылдың ақпан айында Ақмола облысында World Skills Kazakhstan кәсіби шеберлік бойынша өңірлік чемпионат ұйымдастырылды. Онда кәсіби шеберлігімен қазыларды тәнті еткен Әділет Тәкежанов жеңімпаз атанып, ұлттық құрама сапына алынған болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін