Су араластырылған бензин құйылған көліктер жаппай бұзылуда - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Су араластырылған бензин құйылған көліктер  жаппай бұзылуда

Су араластырылған бензин құйылған көліктер жаппай бұзылуда

Ақтөбедегі жанармай бекеттерінің бірінде су араласқан бензин сатылуда. Сол жерден сұйық отын құйған көліктер оталмай, шетінен бұзылып жатыр.  Ал жанармай бекетіндегілер бензинге еріген қар суы қосылып кеткенін айтып ақталған. Тіпті сапасыз сұйық отынның кесірінен көліктері істен шыққан жүргізушілерге шығынын өтеп береміз деп отыр.

  • 19 Наурыз 2015
  • 399
Фото - Caravan.kz

Бұл бекеттен көлігіне жанармай құйған ондаған жүргізуші бір сәтте әбігерге түсті. Себебі, темір тұлпарлары іркілдеп, оталмай қойған. Ал соны жақын маңдағы жөндеу орталығына көрсеткенде, сұйық отынға су араласып кеткені анықталыпты.

-2-3 баклажка құйып алдым. Мына жерде сегіз-он шақты машина жиналдық .Енді машина тұр. Жөндеуге 150 мыңға сөйлесіп келдік. Менікі қымбат машина.

-Машинаның бәрі су дейді. Ішінің бәрі су тұрғанымен. Насос бәрі. 15 мың теңге бердім. Әлі іркілдейді машинам.

Сапасыз бензин сатқан жанармай бекеті ресейлік кәсіпкерлерге тиесілі. Олар жанармайды Орск қаласындағы зауыттан таситындарын айтады. Кеше резервуарларының біріне қар суы құйылып кетіпті. Бекеттің басшылары соны аңғармай қалдық деп ақталып отыр.

Болат Майсүтов, «Ростанефть» ЖШС заңгері:

-Резервуарға еріген қар суы құйылды. Қазір енді қанша цистернаға тиелгенін анықтап жатырмыз. Сапасына қатысты да сараптама жасалуда. Зардап шеккен жүргізушілерге шығынды өтеп беруге әзірміз.

-Жанармай сатқан кәсіпорын басшылары жүргізушілердің хат жүзінде өздеріне шағымдануын сұрайды. Дегенмен, бірден қолдарына шығын үшін ақша ұстата салмайтындарын да айтады. Ол үшін сараптама қортындысын күту қажет. Ал оның бір аптасыз әзір болмайтын түрі бар.