Жарияланды: 430

Су тасқыны Венецияның 70-ке жуық пайызын басып қалды

Нөсерлі жаңбыр мен оңтүстіктен соққан қатты желдің салдарынан Венеция қаласында су деңгейі көтерілді.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, тасқын салдарынан қаланың 70-ке жуық пайызы судың астында қалды. Судың деңгейі қалада қалыпты нормадан 1,5 метрге жоғарылады, деп хабарлады РБК. Мэрия төтенше жағдай жариялады, мектептер мен басқа да мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ туристік бағыттар жабылды. Венециядан басқа Италияның солтүстігіндегі батыс жағалауындағы қалалар апаттың құрбаны болды. Билік өкілдерінің берген мәліметтеріне көз жүгіртсек, 2012 жылы Тоскана және Лигурия облыстарында 13 адам су тасқынының салдарынан ажал құшты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін