Жарияланды: 490

Суға батқан "Булгария" теплоходының құрбан болған 100 адамның мәйіті анықталды

Төтенше жағдайлар министрлігінің нақтыланған мәліметтеріне сәйкес, бейсенбі күнгі сағат 6.00-ге шаққанда "Булгария" теплоходының апатқа ұшырауы салдарынан құрбан болған 100 адамның мәйіті анықталып отыр, деп Татарстан Республикасы президентінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Барлығы 105 адамның мәйіті табылған. Тағы 24 адам іздестірілуде. Табылған барлық 105 мәйіт анықтау үшін Республикалық сот-медициналық сараптама бюросына жіберілген. Анықталған 81 мәйіт туыстарына тапсырылды. Оқиға орнында Ресей Төтенше жағдайлар министрлігі жұмыс істеуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін