Свердлов және Қостанай облыстарының басшылары ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қояды - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Свердлов және Қостанай облыстарының басшылары ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қояды

Свердлов және Қостанай облыстарының басшылары ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қояды

Свердлов және Қостанай облыстары сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуды жоспарлап отыр.

  • 16 Қазан 2013
  • 330
Фото - Caravan.kz

Ұзақ мерзімді келісімге ағымдағы жылғы қарашада Екатеринборда, Ресей мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастыққа байланысты аймақаралық 10-шы форумның аясында қол қойылатын болды. Оған екі елдің басшылары қатысады.

«Құжатқа Свердлов облысының губернаторы Евгений Куйвашев пен Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов қол қояды», — деп хабарлады Ресей аймағы әкімшілігінің баспасөз қызметінен.

Екі жақ бірқатар бағыттар бойынша бірлескен жұмыс жасауды жоспарлап отыр. Олар: өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы, сауда, ғылым және техника, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, өнер, экология, туризм саласы, спорт және жастар саясаты.