Бірақ әнші сахнаға шығып кетіп суретке түскен көрерменінің кеудесінен итеріп жіберіп, желі оқырмандарының ашуын туғызды.
Сол оқиғаға байланысты Роза Рымбаева “Тимур Балымбетовпен” болған сұхбатында өз пікірін айтты.
Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.
“Сол көрермен әртісті сыйламады. Мыңдаған көрерменнің алдында ән айтып тұрсам, менімен жағаласып селфи жасап жатыр. Менің ән айтып тұрғанымды, менің образда тұрғанымды, халық мені тамашалап тұрғаны ешқайсысын сыйлап тұрған жоқ. Шаруасы да жоқ, ол өзінің ойын жасап жатыр.
Көрсету керек қой Рымбаевамен түстім деп, ал ол ойлап тұрған жоқ, Рымбаева халықтың әртісі, халышқа қызмет етіп тұр, жұмыста екендігін. Біздің көпшілік көрермен сол жақты қолдап кететіні ішімді қынжылтады. Мәдениеттің төмендігі ғой”,- деді Роза Рымбаева.
Желі оқырмандары:
“Дұрыс, сахнаға мәдениет қайда?”,”Сыйласа болатын еді ғой”,”Бұлда шлиии қып жібереді да”,”Бұрынғының адамдары қатты қарайды ғой мәдениетке, әдепке. Баланың да қылығы ерсі көрінді, сахнаға шауып шықпай, түскенін күтсе болар еді ғой”,”Сахнаны сыйлау керек, сыйлату керек. Дұрыс Розаныкі”,- деген пікірлер жазды.