«Таблиғи Жамағат» діни-экстремистік ұйымының мүшесі ұсталды
![]() |
«Таблиғи Жамағат» діни-экстремистік ұйымының мүшесі есірткі сақтады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті айтты. |
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы «Адырна» порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Күдіктіні полиция қызметкерлері түнгі сағат бір жарымда Алматының Алатау ауданындағы «Ұлжан» ықшамауданында қолға түсірген.
«Бұл - 1987 жылы туған Д.есімді азамат. Ол Жамбыл облысының тумасы. Жедел деректерге сәйкес, ҚР аумағында тыйым салынған «Таблиғи Жамағат» діни-экстремистік ұйымының қолдаушысы. Күдіктінің жеке басын тінту барысында ішінде есірткі салынған полиэтилен байламы табылды және тәркіленді. Ұсталған азамат есірткіні заңсыз сақтағанын мойындады. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сот-химиялық сараптама тағайындалды», - деді Алматы қалалық ПД экстремизмге қарсы күрес Басқармасының бастығы полиция подполковнигі Дархан Әбіқұлов.
Қылмыстық істің басқа да мән-жайлары ҚР ҚПК-нің 201 бабы және ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес жария етуге жатпайды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін