Тағы бір қазақстандық Үндістаннан тырысқақ ауыруын жұқтырып келді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тағы бір қазақстандық Үндістаннан тырысқақ ауыруын жұқтырып келді

Тағы бір қазақстандық Үндістаннан тырысқақ ауыруын жұқтырып келді

 

  • 8 Ақпан 2018
  • 460
Фото - Caravan.kz

Тағы бір Алматы тұрғыны Гоадан тырысқақ ауыруын жұқтырып келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алматылық тұрғын досымен бірге Гоада демалып келген. Жағдайы нашарлаған жігіт 5 ақпанда ауруханаға жүгінген. 23 қаңтарда науқастың жағдайы ауырлап, құсып, диареяға ұшыраған. Бірақ үйінде диареяға қарсы дәрілерді пайдаланып, өздігінен емделген. Бір уақытта науқас өзін жақсы сезініп, кейін қайтадан жағдайы нашарлай бастады», – деді карантиндік және аса қауіпті инфекциялардың эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бастығы Саят Қауметбаев.

Ауруды жұқтырған азамат 1983 жылғы. Ол Үндістанға досымен бірге демалуға барған. Онда жаңа піскен теңіз тағамдарын тұтынып, теңізге түскен. Науқастың досы да өзін нашар сезініп, ауруханаға жүгінген. Алайда, одан ауру белгілері анықталмады.

Осы жылдың өзінде Алматы қаласы бойынша бес адам тырысқақ ауруын жұқтырған.


«Ауруға шалдыққан жігіт 5 ақпанда ауруханаға жүгініп, емделіп жатыр. Қазір жағдайы қанағаттырарлық. Ал бұрын ауырған төрт адам тексеруден өтуге дайындалуда», – деді Саят Қауметбаев.

Ескерте кетейік, дәрігерлер Үндістанға демалуға баратын азаматтарды барынша сақ жүруге шақырды. Олар тұрғындармен жақын араласудан, шикі тағамдарды жеуден және ауыз суды пайдаланудан абайлаңыздар деді. Егер ауру белгілері байқалатын болса, бірден дәрігерге жүгінуге кеңес береді.

Соңғы жаңалықтар