Таиланд билігі жарылысты ұйымдастырған күдіктінің бейнесін анықтады
![]() |
Бангкоктағы жарылысты ұйымдастырған адамның суреті Таиланд билігінің қолына түсті. Ол бейнебақылау камераларынан алынды, деп хабарлады «ТАСС» агенттігі. |
Камераларға ұлты арабқа ұқсайтын ер адам іліккен. Жарылыстың ұйымдастырылу себебі әзірге белгісіз.
Жарылыс халық көп шоғырланған Ратчапрасонг торабында - Бангкоктың іскерлік және туристік бөлігінде болды. Жарылғыш зат индуизм дініне сенушілер табынатын Эраван ғибадатханасынан бірнеше метр жерде іске қосылған. Соңғы мәліметке қарағанда, 20 адам қаза тауып, 120-дан астам жарақаттанды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін