Ал қанды безгекті кәдімгі масалар таратуда. Зика деп аталған дерт бір шаққаннан жұғады. Қауіпті ауру жердегі жұмақтай болған Бразилия, Мексика және Гаитидан бөлек тағы 22 мемлекетте жүріп жатыр. Қазірдің өзінде 4 миллион тұрғын осы ауруды жұқтырып алуы ықтимал. Оның алғашқы белгілері – дене қызуы көтеріліп, бас сақинасы ұстайды. Әрі жүрек айнып, тамақ жегізбейді екен. Бұл дертпен бұрын тек Африка тұрғындары ауырған көрінеді. Алайда ауру масалармен басқа құрлықтарға да тарап кетіпті. Еуропаның бірқатар мемлекеттері осы вирусқа қарсы күресті бастады. Біздегі дәрігерлер де жағалауда қыздырынғанда масаға қарсы қоспаны қоса ала жүруге кеңес беруде.