Облыс әкімдігі сайтындағы хабарламаға сүйенсек, аймақ басшысы Амандық Баталовтың тапсырмасы бойынша қаза тапқандардың туыстарына 1 млн теңгеден, зардап шеккендерге 500 млн теңгеден көмек көрсетілетін болды.
Сонымен қатар, әкімдік жарылыс кезінде көз жұмған азаматтарды жерлеуге көмектеспек.
Талдықорға қаласы әкімінің орынбасары Ғалиасқар Сарыбаевтың айтуынша, қазір жарақат алғандардың ахуалы жақсарып келеді. «Бүгінде жарақат алған бес адамның үшеуі аурухананың жан сақтау бөлімінен палаталарға ауыстырылды», — деді ол.
Бұған дейін хабарланғандай, желтосқанның біріне қараған түні Еркін ауылындағы 12 пәтерлік екі қабатты үйде газ баллон жарылған. Салдарынан үйдің шатыры қирап, екінші қабаттың темір-бетонды жабыны опырылып түсті. Апат жеті адамның өмірін қиып кетті. Тағы бес адам ауруханада жатыр.