Талдықорғанда карантин кезінде шет елдік жезөкшелер қызмет еткен притон ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талдықорғанда карантин кезінде шет елдік жезөкшелер қызмет еткен притон ұсталды

Талдықорғанда карантин кезінде шет елдік жезөкшелер қызмет еткен притон ұсталды

Талдықорған қаласында орналасқан қонақ үйлердің бірінің қызметін тексеру барысында тәртіп сақшылары аталған жерде жезөкшелер қызмет ететінін анықтады.

  • 7 Тамыз 2020
  • 17
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

Тексеру кезінде ол жерде қомақты қаржыға тәнін саудалайтын 10 бойжеткен ұсталыпты. Олардың үшеуі көрші Өзбекстан мемлекетінің азаматшалары болып шыққан. Жеңіл жүрісті қыздардың қызметін 29 жастағы жергілікті ару ұйымдастырып, жасырып келген екен.

"Көрші республикалардан келген заңсыз иммигранттарға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сот шешіміне сәйкес олар жақын арада елімізден депортацияланады. Өйткені олардың барлығы қолданыстағы көші-қон заңнамасын өрескел бұзып, Қазақстанда жүргені білгілі болды. Сонымен қатар, барлық ұсталған адамдар, оның ішінде қонақ үй кешенінің бірнеше қызметкері полицияның барлық есеп базалары бойынша тексеруден өтті. Себебі, көп жағдайда бұл санаттағы азаматтардың әртүрлі қылмыстарға қатысы болады", — деді криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Данияр.

Қыздар ақшалай сыйақы үшін интимдік қызметтер көрсеткендерін жоққа шығармады.


"Жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды ұстау, сондай-ақ жеңгетайлық үшін осы мекеменің әкімшісі жауапқа тартылды. Әйел пәтерді жеңіл жүрісті қыздарға жалға берген, олар әр клиенттен түскен пайданың белгілі бір бөлігін жеңгетайға тапсырып отырған. Сондай-ақ, қонақүй әкімшісі карантиндік шараларды өрескел бұзғаны үшін де жауапкершілікке тартылады", — деп атап өтті Асхат Данияр.

 

Соңғы жаңалықтар