Талдықорғанда оқушы тікелей эфирде биік ғимараттан абайсызда құлап өлді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талдықорғанда оқушы тікелей эфирде биік ғимараттан абайсызда құлап өлді

Талдықорғанда оқушы тікелей эфирде биік ғимараттан абайсызда құлап өлді

Мектеп оқушысы үш құрбысымен бірге әлеуметтік желіде қараусыз қалған ғимараттан тікелей эфир жүргізген.

  • 8 Маусым 2018
  • 61
Фото - Caravan.kz

Талдықорғанда қараусыз қалған биік ғимараттан 15 жасар қыз құлап кетті. Жасөспірімнің қазасы туралы ақпарат әлеуметтік желілерде таралды, деп хабарлайды Sputniknews.kz.

Оқыс оқиға қаладағы жағажайға жақын орналасқан салынып бітпеген қараусыз ғимаратта болған.   

Белгілі болғандай, 7 маусым күні кешке қыз үш құрбысымен бірге иесіз ғимаратқа барған. Мектеп оқушылары өздерінің қараусыз қалған ғимаратта жүргенін әлеуметтік желіде тікелей эфирде көрсеткен. Сегізінші қабатқа көтеріле бергенде қыздардың бірі қараңғыда сүрініп кетіп, төменге құлаған.   

Алматы облысы полициясының баспасөз қызметі ақпаратты растап, қыздың қаза болу фактісі бойынша тексерісті Талдықорған ІІБ қызметкерлері жүргізетінін хабарлады.   

Ведомство тергеу барысы облыстық ювенальды полицияның бақылауында болатынын атап өтті.   


Оқи отырыңыз:

Арсен Акиев: Мереке күнделікті жем-суымды беріп жүр

Дархан Кәлетаев Ақтөбе облысы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес отырысына қатысты

"Бірнешеуімен болған екен". Сүйген қызына алданған жігіт көпшіліктен ақыл-кеңес сұрады
 

 

Соңғы жаңалықтар