Талдықорғанда жеңгетайлықпен айналысқан сауна әкімшісі ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талдықорғанда жеңгетайлықпен айналысқан сауна әкімшісі ұсталды

Талдықорғанда жеңгетайлықпен айналысқан сауна әкімшісі ұсталды

Талдықорғанда ұйымдасқан жезөкшелікпен күрес жөніндегі жедел топ қызметкерлері қалалық сауналардың бірінің әкімшісі жеңгетайлықпен айналысқанын анықтады.

  • 31 Наурыз 2015
  • 349
Фото - Caravan.kz

Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінен келіп түскен мәліметке қарағанда, саунада шағын жасырын бөлме болған. Сақшылар ол жерден жеңіл жүріске салынған 10 қызды ұстады. Олардың жартысы сол жерде тұрып, «жұмыс» істеген.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оған қатысты тұлғалардан «ешқайда кетпеу туралы қолхат» алынды.