Жарияланды: 240

Талғат Ермегияевтің түрмеде бокспен шұғылданып жүрген видеосы тарады

Талғат Ермегияевтің түрмеде бокспен шұғылданып жүрген видеосы тарады

Әлеуметтік желіде ЭКСПО-ның ақшасын жымқырды деп айыпталған Талғат Ермегияевтің түрмеде бокспен шұғылданып жүрген видеосы тарады.

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Виедоны көрген көпшілік соққыларының жойқын әрі жақсы қойылғанын бірден байқады. Соған қарағанда көптен бері шұғылданып жүрген болса керек.

Еске салсақ, Талғат Ермегияев 2016 жылдың 9 маусым күні 14 жылға сотталған. Ол қылмыстық кодекстің 366-бабының 4-тармағы (пара алу), 189-бабы 4-тармағы 2-бөлімі (өзіне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иелену немесе ысырап ету) бойынша айыпталды.

Дегенмен Талғат Ермегияев ол кезде өзіне тағылған айыпты мойындамаған еді. 

Видеоны көрген көпшілік Талғат өзіне жала жапқандарды шыққан соң бір соққымен құлатуға дайындалып жүр ме деп әзіл пікір қалдырды. Кейбірі тезірек босап шығуын тіледі.

 

Ескі жүйенің езгісіне түсіп, 14 жыл арқалап кеткен Талғат Ермегияев түрмеде текке жатпапты. Бокспен шұғылданып жүр екен. Соққылары қойылған, техникасы тәп-тәуір. "ЭКСПО-ның көк тиынына тигем жоқ, жалған жала жабылды деп ауыр жазаны қасқайып тұрып тыңдаған ауылдас ағамның рухын ешкім сырдыра алмас. Бұйыртып босап шықса, өзіне күйе жаққан талайдың жағын айыратын шығар))) P.S. Ақша жеген, қалтасына тыққан, қазынадан ұрлаған деп табаламай-ақ қойыңыздар. Талғаттың ақшасы мемлекеттік қызметке келмей ақ пішен болатын. "Не может быть"- деп пікірталастырғыңыз келсе біздің ауылға апарайын. ЭКСПО-ға дейін ақ туған жеріне жасап тастаған жақсылығын көрсетем.

Posted by Диас Нұрақын on Tuesday, March 29, 2022

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін