Жарияланды: 1200

Танымал әнші Тамара Асар күйеуінің бөтен әйелді жүкті қып қойғанын айтты

Танымал әнші Тамара Асар күйеуінің бөтен әйелді жүкті қып қойғанын айтты

Танымал әнші өзінің Мәскеуден емделіп келгенде күйеуінің басқа әйелді жүкті қылып қойғанын және соған үйленгісі келетінін айтыпты.

Тамара күйеуінің бұл әрекетіне түсіністікпен қарап, рұқсатын берген.

«Мен үшін көтеріп қойған адамдар болды. Бір күні Мәскеуден келдім. Самат маған «сенің ақылың бар ғой «деп сөзді ар жақтан бастады. Мен «иә ақылдымын» деп отырсам. «Оның аяғы ауыр» деді. Мен бірден: «Онда үйлену керек»дедім. «Бала өмірге келеді» деген сөз менің жүрегімді қозғады. Менде еш реніш болмады.

Еркектерді әйелдерден биік қоятын тәрбиеде өскен адаммын ғой. Мен еркек не істесе де соныкі дұрыс деген тәрбиеде өскен адаммын. Тұрмысқа шығып бара жатқанда анам маған: «Құдайыңды білесің ғой, қазір екінші құдайың күйеуің», — деді. Мен күйеуімнен алатын жарының кім екенін сұраған емеспін»,-деп сөзін аяқтады әнші.

«Мүмкін сіз оны жақсы көрмеген шығарсыз» деген сұраққа ол керісінше, жары Саматты жақсы көріп, ол үшін қыста құлпынай өсіргенін айтты. Оның іс-әрекетін дұрыс деп ойлаған болармын.

«Үйлену керек дегенім, біріншіден: балалығым, екіншіден өз-өзіме деген сенімсіздігім», – деп ойлаймын.

«Бір әкеден қазір үш бала бар. Самат өмірден ерте кетті. Менің ең ренжігенім: «Сені мен сияқты бағаламады-ау»дедім. Бұл өмірде біреудің біреуге ғашық болуы, үйленуі керемет нәрсе. Ол үшін шаш ағартып, бас ауыртуға болмайды. Әрине кешірімді адамдар өте сирек. Мен бағалауды, бағалануды үйрендім», – деді ол.

Айта кетсек Тамара Асардың жары Самат өмірден 30 жасында өткен. Бүгінде әншінің ер жетіп қалған Қамбар есімді ұлы бар.

Оқи отырыңыз:

Семейде медбике 2 жасар баланы маммологқа жіберген
Қытай консулы түрмеде отырған қазақтарды босатуға уәде берді
Георгий лентасы мектептерді тағы да шулатып жатыр

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін