Театр Алматыға өте үлкен дайындықпен келіпті. Жақында құрылғанына 7 жыл толатын өнер ұжымының репертуары тек қана комедиялық туындылардан құралған. Әзірге қоржындарында 30-дан астам қойылым бар. Жалпы, ұжымның негізгі мақсаты театр сахналарындағы комедия бағытын дамыту. Ал, Алматыға олар 7 қойылым әкелген. Оның 5-еуі Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында өтіп жатыр.
Нұрбақыт Байысбек, ОҚО әзіл-сықақ және сатира театрының әртісі:
-Шынайылықа көбірек күледі екен бұл жақтың жұрты. Оқиғаға сендіре біліп ойнасаң сонда күледі. Ал, Шымкенттің халқы 100 пайыз шынайылыққа күледі деп айта алмаймын. Ол жақтың 80 пайызы шынайы нәрсеге күлсе, қалған 20 пайызы жеңіл әзілге, имровизацияға күледі.