Рубикжан Яхин еңбек жолын Қазақстан телеарнасында бастаған. Кейін «Қазспорт» арнасының негізін қалауға мейлінше үлесін қосты. Сөйтіп, жаңалықтар бөлімінен бастап көптеген ірі спорттық жобаларға жетекшілік етті. Марқұмның ең негізігі еңбегі – 1986 жылғы «Желтоқсан оқиғасын» таспаға түсіріп алғаны. Қазір оның барлығы алтын қорда сақталып тұр. Рубикжан Яхиннің артында қалған балалары мен туған туыстарына қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз.