Журналистің айтуынша, күні бүгінге дейін елордада шымкенттіктерді «южане» деп бөлу әрі оларды бөлу бар, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.
Белгілі журналист аталмыш жазбасымен өзінің желідегі парақшасында бөлісті.
«Оңтүстіктен солтүстікке бет алғанда бойымда бір комплекс бар-тын. Астанаға келіп жайғастық, анда-мында барамыз, жүреміз. Базарға барсаң "ой, южане панаехали, без вас хорошо жили" бла бла бла. Кейін отырыс-жиындарға барасың, ондай жерлерде төрт түстіктен құралған жұрт жиналады. Қатын қалашы бар пісірген бауырсақтың пішініне дейін "бізде бұлай, сендерде бір түрлі төртбұрыш, еттерің аз, өзбектер сияқты майдалап турайсыңдар" деп жеген асына дейін оңтүстікті жақтырмай отырады. Сосын ондай "біртүрлі кештерден" бас тарттым… Жылдап туыстар жиналатын жиынға бармайтын болдым, токсик адамдермен сөйлесіп, жаныма жайсыз әңгіме естігім келмейді. Мен оңтүстіктенмін, Кентаулықпын, "южане" деп айтылған сөзге жүрегім қарс айрыла, жаным жараланатын…», — деп жазды ол.
Журналист бүгінде адамдардың барлығын бірдей қабылдайтынын атап өткен.
«Мен көрінбей кеткен соң, мені іздеп шақыратын болды ондай той-жиындарға. Бірақ қазір ешқайда бармаймын. Менің жаным тек тыныштықты қалайды. Тек адамдарды сүюді қалайды…Қазір мен барлық адамды бірдей қабылдаймын. Құдайдың алдына бәріміз бірдейміз деген қағидамен өмір сүремін. Содан болар барған жерлерде кісілермен тез тіл табысып, бар дүниені сеніп тапсыра беремін… Қазір қанша жыл өтсе де мен комплекстен айрылсам да, жанымда южандарды жек көретін топ бар екен. "Оңтүстіктің медициналық университетін бітірген дәрігерге мен ешқашан бармас едім, одан да орыс тілді басқа жақтың докторына барамын" дегенде, "операция үстелінде не өлім аузында жатқанда дәрігердің қай түстіктен қандай диплом алғанын біз сұрай алмаймыз" деп ішкі дауысым жауап берді… Дауысымды шығарып айтуға кейде мен шаршаймын, әркімнің санасына берсін…», — деп жазды ол.