Тараз тұрғыны қатаң тәртіптегі колонияға крем қорабына героин салып өткізбек болған - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тараз тұрғыны қатаң тәртіптегі колонияға крем қорабына героин салып өткізбек болған

Тараз тұрғыны қатаң тәртіптегі колонияға крем қорабына героин салып өткізбек болған

22 шілдеде қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінде есірткі заттарын өткізбек болған 2 оқиға тіркелді, деп хабарлады ҚР ІІМ  қылмыстық атқару жүйесі комитетінен.

  • 23 Шiлде 2014
  • 458
Фото - Caravan.kz

«60 жастағы Тараз тұрғыны қатаң тәртіптегі колонияға есірткі затын өткізбек болған кезде ұсталды.  Тексеру кезінде қылмыстық атқару жүйесінің қызметкері аяқ-киімге арналған крем қорапшасынінің ішінен ақ ұнтақты зат салынған  целлофан пакетін көріп қалған.   Сот-химиялық сараптама қорытындысында мұның героин екені анықталды», — делінген хабарламада.

Келесі жағдай Алматы тергеу оқшаулағышында тіркелген.  Әкелінген азық-түлікті тексеру кезінде бір бөлке наннан полиэтилен орамасына оралған  зат табылды. Сараптама нәтижесінде олгашиш болып шықты. Салмағы 7 грамға жуық.

Аталған фактілер бойынша материалдар қылмыстық қудалау органдарына жолданды.


«Жалпы тыйым салынған заттардың шамамен 98% түзету мекемесіне өткізбек болған кезде алынады», — деп атап өтті республикалық пенитенциарлық жүйе ведомствосында.