Таразда ар-намысына тиген әжесін өлтірген жасөспірім екі жылға сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда ар-намысына тиген әжесін өлтірген жасөспірім екі жылға сотталды

Таразда ар-намысына тиген әжесін өлтірген жасөспірім екі жылға сотталды

Жамбыл облысының кәмелетке толмағандар ісі жөнінде маманданған аудан аралық соты 15 жасар жасөспірімді кісі өлтіргені үшін екі жылға бас бостандығынан айырды.

  • 18 Шiлде 2014
  • 543
Фото - Caravan.kz

Сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, 68 жастағы әжей немересін үнемі «ақша таппайтын арамтамақ» деп кінәлап келген көрінеді. Мұның соңы ұрыс-керіске ұласып, әжей жасөспірім немересінің ар-намысын аяққа таптап келіпті.

Қайғылы оқиға осы жылдың 13-наурызында болған. Іс материалдарына сүйенсек, сол күні үйге түн ортасында оралған балаң жігітті әжей тағы да айқайдың астына алған. Бала «Себепсіз айқайлап, коммуналдық қызмет үшін ақша талап ете бастаған» әжесінің байбаламына көңіл бөлмей, құлағына құлаққап киіп алады. Алайда, ашуы басыла қоймаған кейуана баланың намысына тиюді доғармаған.

«Ашуға булыққан (аффект) жасөспірім кемпірді итеріп жіберген. Әйел есіктің жақтауына басын соғып құлайды. Сол кезде немересі алдымен оны тұншықтырып, содан соң ас үйдегі пышақпен бірнеше жерден пышақтап тастаған. Әйел сол жерде жан тапсырды», делінген хабарламада.


Кешенді сот-психиатриялық сараптамалар жасөспірімнің жүйке сырқатына шалдықпағанын және қылмысты қатты ашу үстінде істегенін дәлелдеп берді.