Таразда ауған соғысының ардагерлерін автобусқа мінгізбей жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда ауған соғысының ардагерлерін автобусқа мінгізбей жатыр

Таразда ауған соғысының ардагерлерін автобусқа мінгізбей жатыр

Тараздағы Ауған соғысының ардагерлері қоғамдық көлікте тегін жүру құқығынан айырылдық деп дабыл қағуда. Оларға бір айдан бері жолда жүру ақысын төлеуді міндеттей бастапты. Бұған ашынған майдангерлер бүгін қалалық әкімдіктің алдына келіп, атқамінерлердің осы жағдайды түсіндіріп беруін талап етті.

  • 13 Тамыз 2014
  • 263
Фото - Caravan.kz


Қуаныш Сейтқазиев, Ауған соғысының ардагері:

-Кезінде кеңес үкіметі соғысқа жіберді. Денсаулығымызды құрттық. Жігіттердің 80 пайызының денсулығы жоқ. 30 пайызы мүгедек.Ол дұрыс емес қой, бізге нақты шешсін, шешпесе президентке жазамыз.

Ардагерлер кондукторлардың әрекетінен шошып отыр. Айтуларынша, олар қоғамдық көлікте тегін жүру билетінің барына қарамастан, бұларды жол ақысын төлеуге міндеттеген. Қарсылассаң автобустан түсіріп тастайды. Осылайша әбден ашынған майдангерлер, арына тигендерді жазалауды талап етті. Бұл мәселені май шаммен қараған шенділер қаладағы бес тасымалдаушы компанияның әрекетін заңсыз деп тапты. Ал компаниялардың басшылары мұндай қадамға қосалқы бөлшек мен жанармай құны қымбаттаған соң бардық дейді. Қазір бұл іспен прокуратура айналысуда. Ал бүгінгі дау ардагерлердің пайдасына шешілгенімен, тек қазанның біріне дейін тегін жүретін болды. Тасымалдаушылар «егер екі айдан кейін билік жол ақысын көтеруге рұқсат бермесе, жеңілдігі барларды қайта ақы төлеуге міндеттейміз» деп ашық айтты.