Осындай атаумен Тараз Мемлекеттік Педагогикалық институтында республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өтті. Бұл туралы аталған оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады.
1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні қарсаңына орайластары ұйымдастырылып отырған жиынның мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы» — қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы мен ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасынан туындайтын оқыту әдістемелерін жаңғырту және 12 жылдық білім беру мәселесін білім беру мекемелері мамандары арасында ой бөлісу.
Конференция жұмысы 3 секция бойынша, атап айтқанда қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі, қазақ әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелері және білім беру үдерісінің парадигмасы бойынша жүргізілді.
Жиында белгілі әдебиеттанушы ғалымдар Мекемтас Мырзахметұлы қазақ әдебиетінің дәуірлеуіне тоқталып өтсе, Даңдай Ысқақұлы мәдениеттер тоғысындағы тіл, әдебиет жайында баяндама жасады. Сонымен қатар өзгелер де осы тақырып төңірегінде өз ой-пікірлерімен бөлісті.
