Жарияланды: 460

Таразда «Халық Қаһарманы» Ғазиз Байтасовтың құрметіне мемориалдық тақта ашылды

Бейсенбі күні Таразда «Халық Қаһарманы» Ғазиз Байтасов тұрған үйде мемориалдық тақта ашылды.

2011 жылдың 12 қарашасында қарулы қылмыскерді ұстау кезінде ерлікпен қаза тапқан Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың құрметіне митинг пен мемориалдық тақтаны ашу рәсіміне оның туыстары мен жақындары, әріптестері, қала басшылығы келді. «Жол полициясының бөлек батальонындағы бірінші взводтың командирі ішкі істер органдарындағы қызметін 1992 жылы МАИ жол-патрульдік қызметіндегі инспектор болып бастады. Ол әріптестерінің есінде сауатты, адал, принципті және кәсіби қызметкер ретінде қалды. 20 жылдың ішінде Ғазиз Байтасов өз елінің игілігіне қызмет етіп, аймақ жолдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етті, тәртіп сақшыларының талай буынын тәрбиеледі. Дүлей лаңкес бейбіт тұрғындарды қаскөйлікпен атқан кезде Ғазиз Байтасов еш ойланбастан оларды қорғауға шықты. Ол қылмыскерді тоқтатқан адам болды», - деді өз сөзінде Тараз қаласының әкімі Бекболат Орынбеков. Естеріңізге сала кетейік, 2011 жылдың 12 қарашасында жиһад қозғалысын жақтаушының жасаған қылмыстарының салдарынан жеті адам қаза тапты, соның ішінде құқық қорғау органдарының бес қызметкері мен екі азамат бар. Бұдан басқа, ішкі істер органдарының үш қызметкері жарақат алды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін