Таразда күйеуіне қырсыққан келіншек екі баласын тұншықтырып өлтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда күйеуіне қырсыққан келіншек екі баласын тұншықтырып өлтірді

Таразда күйеуіне қырсыққан келіншек екі баласын тұншықтырып өлтірді

Таразда жантүршігерлік қылмыс! 26 жастағы келіншек бес және бір жарым жастағы екі баласын жастықпен тұншықтырып өлтірді. Бауыр еті балаларын өлімге қиған ана мұндай қатігездікке «күйеуіммен жанжалдасқан соң бардым» деп түсініктеме берген.

  • 21 Қараша 2014
  • 323
Фото - Caravan.kz

Көршілері де ерлі-зайыптының арасында жиі түсініспеушілік болатындығын растаған екен. Қанды оқиға түнде болған. Екеуі ұрсысып, күйеуі үйінен шығып кетіпті. Қайта оралса, әйелі құрсағынан шыққан перзенттерін өз қолымен жайратып салған. Қазір жазықсыз сәбилерді жазым қылған келіншек қамауға алынып, оған кісі өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, оның ақыл есінің дұрыстығын анықтау үшін кешенді сот-психиатриялық сараптама жүргізілмек.


Бауыржан Оспанқұлов, Тараз қалалық ІІБ бөлім бастығының орынбасары:

-Айыпталушы өзінің іс-әрекетін күнделікті күйеуімен ұрысқан. Жанұя жанжалына байланысты. Сол себептен өзінің кәмлеттік жасқа толмаған балаларына қасақана өлтіргенін айтып  отыр.