Таразда квас шығаратын астыртын цех табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда квас шығаратын астыртын цех табылды

Таразда квас шығаратын астыртын цех табылды

Таразда да астыртын цехтың әрекеті әшкере болды. Бірақ онда арақ емес, квас әзірленген. Оның иесі өз үйін заңсыз бизнес жасайтын орынға айналдырған.

  • 19 Шiлде 2014
  • 373
Фото - Caravan.kz


Көлік сауда нүктелеріне шығып бара жатқан жерінентоқтатылған. Тексеру кезінде ішінен квас құйылған елу литрлік 18 бөшке табылыпты. Құзырлы орындар кәсіпкердің сусынды өз үйінде әзірлегенін анықтап отыр. Жасырын цехты тінту барысында 3 мың литр квас тәркіленді. Әзірге оның қанша тоннасы саудаға шыққаны белгісіз. Бұл жерде санитарлық талап туралы сөз қозғаудың өзі артық деп отыр мамандар. Сорақысы сол, астыртын цех иесінің осы кәсіппен айналысуға рұқсаты да болмаған.