Таразда пышақтасқан экс-полицей құқық қорғау органдарына өзі келіп берілген - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда пышақтасқан экс-полицей құқық қорғау органдарына өзі келіп берілген

Таразда пышақтасқан экс-полицей құқық қорғау органдарына өзі келіп берілген

ІІМ-нің Үмбетәлиевті полиция қызметкерлері ұстады деген мәлімет шындыққа жанаспайды, себебі ол Шу аудандық прокуратурасына өзі келіп, бе

  • 22 Тамыз 2017
  • 231
Фото - Caravan.kz

ІІМ-нің Үмбетәлиевті полиция қызметкерлері ұстады деген мәлімет шындыққа жанаспайды, себебі ол Шу аудандық прокуратурасына өзі келіп, берілген, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Бас прокуратурасының жедел тергеу тобы 10 тамызға қараған түні тараздағы "Арай Плаза" бизнес-орталығының маңында болған оқиғаны тергеп жатыр. Бұл оқиға кезінде Жамбыл облыстық Экстремизмге қарсы күрес басқармасының басшысы М.И.Үмбетәлиев пен осы ІІД-нің Криминалдық полиция басқармасының басшысы және аудандық ХҚКО басшысының арасында дау шығып, соңы пышақтасумен аяқталған болатын. "19 тамызда 13:00-де Үмбетәлиев өз еркімен Шу аудандық прокуратурасына келіп, берілді, содан кейін ол Тараз қалалық ІІБ-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды, қазір ол сонда. Бұған Бас прокуратураның күдіктінің жақындарымен және туыстарымен жүргізілген жұмыс нәтижесі сеп болды. Осылайша, ІІМ-нің Үмбетәлиевті полиция қызметкерлері ұстады деген мәліметі шындыққа жанаспайды", — делінген Бас прокуратураның Facebook желісіндегі ресми парақшасында.

Күдіктінің ісі "екі не одан да көп адамды бұзақылық ниетпен өлтіруге оқталу" ретінде қарастырылып отырғаны айтылады. Ал осының алдында Үмбетәлиевті Жамбыл облысының полицейлері ұстады делінген ақпарат шыққан еді.


Еске салайық, оқиға 2017 жылдың 10 тамызында таңғы 05:30-да "Арай-Плаза" мейрамханасының маңында болған. Осы уақытқа дейін Үмбетәлиев іздеуде жүрген. Прокуратура мәліметі бойынша, Үмбетәлиевтің әйелі оған қоңырау шалып, өз еркімен берілуін сұраған.
 

Соңғы жаңалықтар