Жарияланды: 540

Таразда «Қазақстан халықтарының ойындары» атты этноспартакиада болды

Таразда ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Қазақстан халықтарының ойындары» атты этноспартакиада өтті.

Іс-шараны ұйымдастырушы Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының айтуынша, жарыс бағдарламасына Жамбыл облысында тұратын әртүрлі халықтардың ойындары кірді. Аймақтағы 20-дан астам этномәдени бірлестіктің атынан 11 команда қатысты. «Қытай этномәдени бірлестігінің спортшылары бірінші орынға ие болды, дұнған орталығының командасы екінші орынды, қазақ мәдени бірлестігінің командасы үшінші орынды қанағат тұтты», - дейді Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының өкілі Сергей Киселев.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін