Таразда қоғамдық көліктерге жаппай GPS навигатор орнатылып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда қоғамдық көліктерге  жаппай GPS навигатор орнатылып жатыр

Таразда қоғамдық көліктерге жаппай GPS навигатор орнатылып жатыр

Таразда қоғамдық көліктегі тәртіп реттелетін болды. Шаһардағы 600-ден астам автобусқа GPS навигатор орнатылып, енді оның әрқайсының жүрісі бақылауға алынды. Осылайша жергілікті билік жолда жарысып, адам өміріне қауіп төндіретін қоғамдық көлік жүргізушілерін сабасына түсірмек. Тың бастаманың жолаушыларға да тиімді тұстары бар.

  • 20 Наурыз 2015
  • 268
Фото - Caravan.kz

Қалада жиілеп кеткен автобустардың жарысы сап тиылды десе болады. Себебі, қоғамдық көліктерге GPS навигатор орнатылып, қатаң бақылауға алынған. Тіпті олардың кестеден кешігуі, бағытынан бұрылуы сынды келеңсіз әрекеттері де орталық базаға келіп түседі. Бұл тың бастама тәртіптен бөлек жолаушыларға да тиімді. Бұрынғыдай аялдамада сағаттап автобус күтпей ғаламтор арқылы мағлұмат алу мүмкіндігі бар.

Кирилл Бердецкий,Тараз қаласының тұрғыны:

-Әлбетте мұндай сайттың болғаны жақсы. Мен өзім бұл жайында жуырда ғана естідім. Автобустың қашан шығып, аялдамаға қай кезде келетінін алдын ала біліп отырасың. Әсіресе, біз секілді жастарға қажет. Бірақ әлі де болса сайтты жетілдіру керек сияқты.Себебі тез ашылмай тұрып қалады.

Жалпы саны 600-ге жуық қоғамдық көлікке қондырғы орнатылған. Барлығы орталық базадан бақыланады. Тасымалдаушылардың қызметін қадағалайтын компания өткен жылы құрылыпты. Сынақ ретінде қолға алынған бастама қажеттігін дәлелдеді.


Марат Әлімбетов, «Орталық диспетчерлік қызмет» ЖШС директоры:

-Былтыр тамыздан бастап орнатқанбыз, міне сәуірге дайын болады деп ойлап отырмыз. Қазіргі жағдайда сынақ ретінде жүріп жатыр, бірінші сәуірде толық бітіп іске қосамыз.

Осылайша жергілікті билік жолдағы келеңсіздіктің алдын алмақ. Айтуларынша, тәртіп бұзғандарға қатаң шара қолданылады. Сондықтан шенеуніктер бұл жобаға үлкен сенім артуда.