Таразда шенеуніктер ес-түссіз жатқан әйелге жәрдемақысын бермей жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда шенеуніктер ес-түссіз жатқан әйелге жәрдемақысын бермей жүр

Таразда шенеуніктер ес-түссіз жатқан әйелге жәрдемақысын бермей жүр

Тараз тұрғыны қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызметкерлерінің кесірінен біраз әбігерге түсті. Жасұлан Әшірбаевың айтуынша, оны сергелдеңге салған шенеуніктер жеті айдан бері мүгедек анасына тиесілі жәрдемақысын бермей келген. Ал жігіттің өзі төсек тартып жатқан анасын емдетуге қаржы таппай жүр.

  • 29 Қараша 2014
  • 514
Фото - Caravan.kz

-Сөйлемейді. Ештеңе түсінбейді. «Мама» десем анда-санда қарайды, күледі. Басқа ешқандай қозғалыс жоқ.

Ес-түссіз жатқанӘсия Әшірбаева жеті айдан бері төсекке таңылған. Басында ісігі бар, оның үстіне инсульт алып құлаған зейнеткер содан бері қозғалыссыз. Жалғыз баласының ауру анасын білікті мамандарға емдетпек ойы бар. Алайда оған қаржы жоқ. Ал бірінші топтағы мүгедек шешесінің жәрдемақысын тиісті орындар бермей қойыпты.

Жасұлан Әшірбаев, Тараз қаласының тұрғыны:

-Сен бірінші ақша тауып, дәрі-дәрмегін, төсегін,арбасын  алып, жеке меншік ауруханаға қаратып, одан кейін бізге чек әкеліп бер деп айтты.  Біз сол чекке қарап саған ақшасын бөлеміз дейді.

Жеті айдан бері есеп-шотта жиналған 245 мың теңгені алу үшін оны қайда жарататыны туралы алдын ала түбіртек сұрауын Жасұлан Әшірбаев бассыздыққа балайды. Сондықтан мұндай түсініксіз шешім шығарғандарды сотқа сүйремек. Ал, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өкілдері бұл заң аясындағы арнайы комиссияның ұйғарымы деп ақталды. Демек қамқоршыға көк тиын беруге хақымыз жоқ деп отыр. Осылай деп камерадан тыс сайрағандар, ресми мәлімет беруге құлықсыз.


-Дегенмен бұл жағдайға тілшілер араласқан соң, даулы мәселе қамқоршының пайдасына шешілді. Мүгедек әйелдің үйіне алып-ұшып жеткен мамандар, Жасұланға қаржының бір тиынын қалдырмай беретін болыпты. Бастапқыда заң талаптарын алға тартқан жауаптылардың енді сол заңға қарсы шыққандары түсініксіз.