Таразда жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды

Таразда жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды

Бұрқасын қардың көптігінен Тараздан Шымкентке бет алған жүк көліктерінің  қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Кеше кешкісін басталған жаңбыр соңы қарға ұласып, Күйік асуынан ауыр көліктер аса алмай жатыр.

  • 26 Қараша 2014
  • 233
Фото - Caravan.kz


Түнгі төрттен бері асуда арнайы техникалар тынымсыз жұмыс атқарғанымен, қатты жауған қарды дер кезінде тазалау мүмкін болмай тұр. Енді жол сақшылары «Айша-Бибі» бақылау бекетінде жүк көліктерін уақытша ұстап, жүргізушілерін жауратып алмаудың қамын жасауда. Олардың сапарларын қашан жалғастырары әзірге белгісіз. Осылайша алғашқы қар жол тазарту мекемесінің қысқа қамсыз екенін көрсетіп отыр.