Жарияланды: 480

Таразда жыл соңына дейін қоғамдық көлікті дамыту бағдарламасы әзірленбек

Таразда жыл соңына дейін қоғамдық көлікті дамыту жөніндегі бағдарлама әзірленбек.

"Бұл бағдарламаның мақсаты - қаланың көлік инфрақұрылымын әзірлеу, яғни бағдарлама қаланы дамыту және қала трафигін оңтайландыру келешегін ескеруі тиіс", - деп Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев бүгін Тараз әкімдігінде қоғамдық көлік мәселелері жөніндегі кеңесте мәлімдеді. Аймақ басшысының пікірінше, қаладағы жолаушылар кәсіпорны қазіргі кезде көлік қызметін ұйымдастыруда тиімсіз жұмыс жүргізуде. Мәселен, кей жағдайларда бағыттар жолаушылар ағынын анықтамастан және жол жағдайларын тексерместен бекітіледі. "Биылғы жылы осы мәселе бойынша облыс әкімінің аппаратына алты шағым, менің блогыма 39 шағым келіп түсті. Мәселен, Құмшағал ауылының тұрғыны былай деп жазыпты: "Біздің ауылға бөлініп берілген N49 автобус жексенбі күндері жүрмейді. Кейде бағытын өзгертеді. Шара қолдануыңызды өтінеміз", Жүргізушілер жолда жарысып, бәсекелесетіні, аялдамаларға тоқтамай кететіндіктен, жолаушылар секіріп түсемін деп жарақат алып жататыны туралы да шағымдар бар. Өз бетімен кетушіліктер көп, Жолдағы жүгенсіздіктер қашан тыйылады?", - дейді облыс әкім. Ол Тараз әкімі Бекболат Орынбековке қаланы дамыту жоспарына сәйкес, жолаушылар тасымалын ұйымдастырудың жаңа сызбасын және жаңа бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. "Бұл үшін ғылыми-зерттеу институттарымен ынтымақтастық жүргізу және осы мақсаттар үшін қаржы қарастыру қажет. Қала тұрғындарының қатысуымен жолаушылар тасымалының тарифін өзгерту мәселесін көтеру қажет. Жолаушылар тасымалын жүзеге асыру құқығына конкурс талаптарын қатаңдату керек. Конкурсқа тиісті материалдық-техникалық базасы жоқ заңды және жеке тұлғаларды жібермеу керек. Тасымалдаушының медициналық қызметі, техникалық қызметі және диспетчерлік бақылау қызметі міндетті түрде болуы қажет", - дейді Қ.Бозымбаев. Облыс әкімдігінің "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне мәлімдеуінше, қазіргі кезде қала тұрғындарын қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету бойынша 54 бағытпен 13 мекеме жұмыс істейді. Қала тұрғындарына түрлі маркадағы 653 автобус пен шағын автобустар қызмет көрсетеді. "Қалада жолаушылар тасымалдау үшін паркте қоғамдық көлікті пайдалану мерзімі 8-10 жыл", - дейді баспасөз қызметі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін