Ғимарат ішіндегі қызметкерлер түтіннің арасынан жанұшыра далаға қашып жатты. Құдай сақтағанда, қызыл жалын кабинеттерге жетпей ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ. Дегенмен екі әкімшілік мекеме мен бірнеше компанияның құжаттары өрт сөндірушілердің суына малынып қалды. Кеңсе техникаларының да біразы бүлінген. Қазір шығын көлемі мен өрттің шығу себебі анықталуда. Айта кетейік, соңғы кездері Таразда әкімшілік ғимараттардың өртенуі жиілеп кетті. Үш ай бұрын облыстың басқармалар шоғырланған 9 қабатты нысаны қызыл жалынға оранған болатын.