Тараздық жүкті әйел өзінің ер адам емес екенін дәлелдей алмай жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 512.32
  • 582.92
+19 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тараздық жүкті әйел өзінің ер адам емес екенін дәлелдей алмай жүр

Тараздық жүкті әйел өзінің ер адам емес екенін дәлелдей алмай жүр

Тараздық жүкті әйел өзінің ер адам емес екенін дәлелдей алмай жүр.

  • 5 Наурыз 2022
  • 71
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Жүкті әйелдің құжатында аты-жөні Нұрзат Талғатұлы Қалдыбаев деп көрсетілген, жынысы — еркек. Бұл мәселені шешу үшін Нұрзат ХҚКО, АХАЖ және перзентхана мұрағатына жүгінген, бірақ ешкім көмектесе алмаған.

"Құжатта жынысымның дұрыс жазылғанын қалаймын, оны өзгерту үшін біршама іс-әрекетке бардым, бірақ маған ешкім сенер емес. Біреулер мені трансгендер деп те ойлайды екен. Үш айдан кейін босанамын, ал құжатта күйеуім екеуміз де ер адамдар деп көрсетілгенбіз. Баланың болашағына қатты алаңдаймын", – дейді Нұрзат Қалдыбаева.

"Кейде құжатта қате кетеді. Мұның бәрін түзетуге болады және біз оны жасаймыз. Алайда осындай жағдаймен алғаш рет бетпе-бет келгендік, сондықтан да мән-жайды түсіну оңай болмады. Ең бастысы, бәрін заң аясында түзету керек", — деді Халыққа қызмет көрсету орталығының бөлім басшысы Шалқар Елемес.