Тараздықтар латын қарпімен диктант жазды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тараздықтар латын қарпімен диктант жазды

Тараздықтар латын қарпімен диктант жазды

2017 жылдың 26 қазанында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілін кирилл әліпбиінен латынға ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

  • 13 Желтоқсан 2017
  • 202
Фото - Caravan.kz

Тараз қаласының мемлекеттік қызметкерлері мен оқушылары өздерінің латын қарпімен диктант жазудағы сауаттылықтарын сынап көрді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Облыстық тілдер басқармасы атап өткендей, аталмыш іс-шара Тәуелсіздік мерекесіне орай, сонымен бірге латын әліпбиін із жүзінде қолдануға  дағдылану  мақсатында ұйымдастырылған. Тақырыбы «Латын графикасы — тіліміздің жаңа қозғаушы күші» аталған диктантқа облыс әкімдігіндегі басқарма қызметкерлері, жергілікті бөлімдердің мамандары, Тараздағы бірнеше мектептің оқушылары қатысты.

«Сондай қиын болды деп айта алмаймын. Қазақ тілі туралы, елдің тарихы, аталы сөздер мен мақал-мәтелдер қамтылған диктант жаздық. Әлеуметтік желіде әңгімелесетін жастар онсыз да қазір латын қаріптерін еркін қолданып жүр», — дейді Жамбылдағы №7-ші мектеп-гимназиясының оқушысы Айсұлу Бағбанова.

Тілдер басқарамасының мамандары айтқандай, диктантты ең сауатты жазғандарға сыйлықтар табысталмақ. Қазақ әліпбиінің латынға өтуін насихаттау мақсатында алдағы уақытта облыста бірқатар іс-шаралар реті жоспарланған.  


Еске сала кетейік, 2017 жылдың 26 қазанында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілін кирилл әліпбиінен латынға ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

Соңғы жаңалықтар