Тарихи жеңіс! Қазақстан құрамасы су спортынан әлем чемпионатында алтын алды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тарихи жеңіс! Қазақстан құрамасы су спортынан әлем чемпионатында алтын алды

Тарихи жеңіс! Қазақстан құрамасы су спортынан әлем чемпионатында алтын алды

Катар астанасы Дохада өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында Қазақстан тарихи алтын медаль жеңіп алды.

  • 5 Ақпан
  • 55
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Синхронды жүзуден аралас жұптық сында өнер көрсеткен Эдуард Ким мен Наргиза Болатова әлем чемпионы атанды. Олар 228.0050 ұпай жинады.

Күміс медальді Қытай құрамасы, қоланы Мексика командасы жеңіп алған.

Айта кетелік, Қазақстан тарихында су спорты түрлерінен әлем чемпионатының алтын медалі болмаған. Бұған дейін Эдуард Ким жекелей сында қола жүлде жеңіп алған еді.

Соңғы жаңалықтар