Тастар да сөйлейді... - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+36 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тастар да сөйлейді...

Тастар да сөйлейді...

Өскемендіктер бүкіл әлемдегі минерал тастардың үлгілерін, тіпті метеориттің сынықтарын көруге мүмкіндік алды. Табиғаттың таңғажайып туындыларын қала тұрғындары он күн бойы тамашалай алады. 

  • 10 Маусым 2014
  • 381
Фото - Caravan.kz


Көрмеде минералдар әлемінен сыр шертетін әртүрлі тастың үлгілері қойылған. Кварц, тау сутасы, кальцит, малахит, опал, турмалин, берилл, зүбәржәт, бағалы тау хрустальдары сияқты кен қалыптастыратын бұлардың барлығы дерлік Алтай мен Тарбағатай тауларынан әкелініпті. Әсіресе Сахара шөлінен әкелінген гипсты райхан, Сихоте-Алин метеориті мен салмағы бір келіден асатын мына жұдырықтай Тұңғыс метеоритінің  сынықтары экспозицияға ерекше өң беріп тұр.