Тауық терісінен киім құрап тіккен ер адам көше аралап жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тауық терісінен киім құрап тіккен ер адам көше аралап жүр

Тауық терісінен киім құрап тіккен ер адам көше аралап жүр

Қала көшелерінде тауық терісінен тігілген костюммен жүрген ер адамды көрген Лондон тұрғындары жағаларын ұстады. Дүниеден безген сияқты көрінген ер адам метро вагондарына, дүкендерге кіріп, саябақта өзімен-өзі жүрген. Оны көрген адамдар британдықтың киімінен жағымсыз иіс шыққанын айтып отыр, деп хабарлады Вести.ру.

  • 14 Тамыз 2014
  • 604
Фото - Caravan.kz

Төменде көрсетілген кадрларда толық әрі тауық терісінен костюм киген ер адамнан қалай теріс айналып жатқандары көрініп тұр. Анықталғандай, осындай қадамға барып жүрген суретші Льюис Джи Бертон болып шықты.

Британдықтың айтуына қарағанда, оның осындай ерекше киімде қоғамдық орында пайда болуы деген FLESH атты перфоманстың  бір бөлігі болды.

Бертон өзінің осылайша тәжірибе жасағанын, ол адамның коомерциялық мақсаттарын анықтау үшін осындай қадамға барған. Алайда күннің соңына қарай оның киімінен өте жағымсыз иіс шыға бастаған.