«Таяқтың дәмін ұмытқан едім»: Атышулы «Қалаулым» қатысушысын Түркияда шашынан сүйреп, боқтап тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Таяқтың дәмін ұмытқан едім»: Атышулы «Қалаулым» қатысушысын Түркияда шашынан сүйреп, боқтап тастады

«Таяқтың дәмін ұмытқан едім»: Атышулы «Қалаулым» қатысушысын Түркияда шашынан сүйреп, боқтап тастады

 

  • 19 Сәуiр 2023
  • 382
Фото - Caravan.kz

Атышулы «Қалаулым» қатысушысы Зарина Сапар Түркияда қонақүй қызметкерлерінің тарапынан қысым көргенін айтып, желіні шулатты, деп хабарлайды Caravan.kz.

Бұл туралы Зарина Сапар өзінің Instagram парақшасында мәлім еткен.

Белгілі болғандай бойжеткен Түркияға сауда жасауға барған. Алайда жергілікті қонақүй қызметкерлерімен арада түсініспеушілік туып, олар оның шашын жұлып, күш көрсеткен.

Бойжеткеннің айтуынша оған осы оқиғадан кейін, тіпті аузын ашуға тура келген.

Сонымен бірге Зарина Сапар елшіліктен көмек сұрап, тіпті желіде Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғанның өзін белгілеп қойған.
Зарина ол жаққа сауда жасауға барған, ол жерде отель қызметкерлері шашынан жұлып жатқан сәтін жүктеген. Ораза ұстап жүргенін,осы жағдайдан кейін аузын ашуға мәжбүр болғанын жазады.

Тіпті ақырғы сторисінде Түркия президенті Реджеп Ердоғанның аккаунтын белгілеп кеткен екен.

«Өмір болғасын болып тұратын шығар. Бірақ мынау сұмдық болды. Екі елдің арасында елші болып құқық қорғайтын кімдер бар?!… Таяқтың дәмін ұмытып қалып едім, түріктің отельдегі персоналы еске салды», деп жазды ол.