Таяу жылдары Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқару бюджеті енгізіледі
![]() |
Таяу жылдары Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқару бюджеті енгізіледі. |
Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын таныстырған ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлім етті.
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 97-ші қадамының ұсыныстарына сәйкес аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, елді мекендер мен ауылдық округтердің әкімдеріне жер ресурстарын басқару бойынша қосымша қызметтер, сонымен қатар жергілік қоғамдастық жиынына әкім кандидатурасын тағайындауға келісім беру, оны қызметінен босатуға бастамашы болу және жергілікті маңыздағы өзге де мәселелерді шешу кезең-кезеңімен беріледі. 98-ші қадам аясында мемлекеттік бюджеттік жеке деңгейі ретінде жергілікті өзін-өзі басқару бюджетін кезең-кезеңімен енгізуді қарастырады. Бірінші кезең, 2016-2017 жылдары қосымша екі салықты бере отырып, жергілікті өзін-өзі басқарудың салықтық әлеуетін күшейту ұсынылуда. Жергілікті өзін-өзі басқарудың жеке бюджетін енгізу 2 кезеңде, 2018 жылдан бастап қарастырылған», - деді ол.
Сонымен қатар оның атап өтуінше, заң жобасында облыс орталықтарында және республикалық маңызы бар қалаларда азаматтардың сәйкесінше бюджет жобаларына талқылауға қатысуы тетіктерін енгізу қарастырылған.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін