МҰҚК Қоғаммен байланыс орталығының жетекшісі Нозирджон Буриев хабарлағандай, 12 және 16 жастағы екі жасөспірім биылғы жылдың 4 сәуірінен бері Ауғанстанда тұтқында болған.
«Біз балалардың «Соқыр» және «Қызыл» деген лақап аттары бар есірткі саудагерлерінің тұтқынында болғанын анықтадық. Олар өздерінің есірткі саудалаушы ағайларының — Тәжікстан азаматтарының арқасында кепілге алынған. Олар жоғарыда аталған ауған саудагерлерінен ірі көлемде есірткі сатып алып, қарыздарын қайтармаған», — деді Н. Буриев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті